Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

Опубликовано:

5 маусымда Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 6-7 адамға іздеу салынды. Сонымен қатар түрлі деңгейді жарақаттарды 38 адам алды. Бұл туралы үкiмет отырысынан кейiн Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов журналистерге мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz.

5 маусымда Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскерлердiң 12-сiнiң көзi жойылып, алтауы жарақат алған. Қазiр полицейлер қалған 6-7 адамды iздеп жатыр.

Министрдiң айтуынша, бiрiншi қару дүкенiндегi бейнекамера арқылы 26 қылмыскер анықталған.

«Қазiр бiз барлығының аты-жөнiн бiлемiз. Түнде бiз жұмыс жасадық. Қазiргi уақытта 12 қылмыскердiң көзi жойылды, алтауы жарақат алды. Ендi қалған 6-7 адамды iздеп жатырмыз. Олардың қолында 5 қару қалды», - деп хабарлады министр.

Жалпы, жедел-iздестiру шаралары барысында 11 қару тәркiленген.

Сонымен қатар Қалмұханбет Қасымов 3 полицей, 3 әскери және 3 бейбiт адам мерт болғанын айтты.

«Бiрiншi қару дүкенiнiң сатушысы мен оқиға орнына бiрiншi болып жеткен күзет қызметкерi қаза тапты. Ал екiншi қару дүкенiнде келген адам пышақ жарақатынан мерт болады. Жалпы алғанда, 3 бейбiт адам көз жұмып, 2 адам жараланды», - дедi Қасымов.

Министр жеткiзгендей, бұған қоса, кешегi қақтығыста 3 полицей мен әскери қаза тапты.

«Қызметкерлер арасындағы өлiм-жiтiмге тоқталсақ, бiрiншi қару дүкенiне келген 3 полицей оққа ұшты. Түнгi уақытта жүргiзiлген жедел-iздестiру шаралары барысында бiрлi-жарым қызметкер жеңiл жарақат алды. Ал әскерилер арасында 3 адам – бiр офицер, келiсiмшарт бойынша және мерзiмдi қызметтегi 2 адам, сондай-ақ, әскери бөлiмнiң аумағында түрлi себеппен болған 6 адам жараланды», - дедi министр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбеде бесінші маусым күні болған атыс салдарынан 38 тұрғын зардап шеккенін айтты.

«38 адамға медициналық көмек көрсетілді. Екеуі қаза болды. 15 адам жеңіл жарақаттар алып, амбулаториялық емге бағытталды. 20 адам емханаға жатқызылды. Олардың 14-іне ота жасалып қойды, тағы үшеуіне әлі ота жасалуда, тоғызының жағдайы ауыр», - дейді Дүйсенова дүйсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне жасалған шабуылдың терроризм екендігін де атап өтті.

«Біз мұның террористік акті екендігін мойындаймыз. Сондықтан да заңға сәйкес бұл деңгей (лаңкестік қауіптің қызыл деңгейі  автор ескертуі) енгізілген еді. барлық күш-қуат құрылымдары күшейтілген нұсқаға көшірілді. Біз барлық нысандарды күзетуге көштік. Бұл нұсқаға сәйкес бірқатар қоғамдық, көңіл көтеру  орындарының жұмыстары тоқтатылды», - деді ол Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар министр штаб жұмысына және лаңкестікке қарсы операцияларға қажетті күш те, құрал-жабдық та жеткілікті.

«Біз көпшілікті жұмылдырған жоқпыз. Арнайы мақсаттағы бірнеше сарбаз ғана жұмылдырылды. Ал жалпы Ақтөбе өз күшімен де толық әрекет ете алады», - деді ол.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады.

Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі  Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады.

Ақтөбедегі ірі лаңкстік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Iшкi iстер министрi Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбедегi жағдайды Назарбаев бақылауына алды

Ақтөбедегi теракт: Қаладағы атыстан 38 адам зардап шеккен

Сағадиев Ақтөбедегі тестiлеу барысын өзі барып бақылайтын болды

Сапарбаев: Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмек көрсетіледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1151391-aqtobedegi-terakt-12-qylmyskerdinh-kozi/