ІІМ: Ақтөбеде лаңкестік жасағандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін

Опубликовано:

Ақтөбедегі оқиғаның барысы мемлекет басшысының жеке қадағалауында. Ал лаңкестік шабуыл жасаған қылмыскерлердің саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін еді деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Үкімет бұл қанды оқиғаны "террорлық акт" ретінде танып отыр. Премьер-министр Кәрім Мәсімов ел президенті мәселені бақылауына алғанын айтты.

"Мемлекет басшысы бұл мәселені өз қадағалауына алды. Күштік құрылымдар операцияны аяғына дейін жеткізулері тиіс. Жергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік органдар қажетті шараларды қабылдауы керек. Әрі қарай қорытынды шығарамыз. Бұл оқиға біздің жұмысымызда кемшіліктің бар екенін көрсетті. Кешенді шаралар жоспарын қабылдауымыз керек", - дейді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Ал террорлық актіні жоспарлаған лаңкестердің бастапқы саны 26 адам емес, одан әлдеқайда көп болған көрінеді. Олардың кейбірі соңғы сәтте қылмысқа қатысудан бас тартқан. Қазір Ақтөбе қаласында, сондай-ақ бүкіл республика бойынша қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Адам көп жиналатын қоғамдық орындар мен кейбір ойын-сауық, сауда нүктелерінің жұмысы шектелді. Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығымен арнайы штаб құрылып, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан және әскери прокуратура қызу жұмыс режиміне көшкен.

"Қылмыскерлердің дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері екенін бірден айтамыз. Қазір олардан жауап алынып жатыр. Әрине, қылмысты жасамас бұрын олар кездесулер өткізген, жоспар жасап, талқылаған. Кездесулерге қатысқандар арасында қылмысқа атсалысудан бас тартқандары да бар. Ол азаматтар да анықталып, жауап алынып жатыр. Қазір бізде олардың жоспары, қалай қимылдағаны туралы толық ақпарат бар", - дейді Ішкі істер министрі  Қалмұханбет Қасымов.

Ақтөбедегі ірі лаңкстік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі туған еліне жеткізілді (фото)

Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар 8 адамға іздеу жарияланды

Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адам қаза болып, 38 адам жарақат алды

Бақытбек Смағұл: Ақтөбедегі терактіні салафилік ағым өкілдері істегенін ашық айту керек

Iшкi iстер министрi Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбедегi жағдайды Назарбаев бақылауына алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1151650-iim-aqtobede-lanhkestik-zhasaghandardy/