Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамқұлов Ақтөбедегі атыс кезінде қаза тапқан жауынгердің отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

5 маусымда 19 жастағы Шардара ауданының тұрғыны Сапар Еркінбекұлы Досбол Ақттөбе қаласында лаңкестермен болған атыс кезінде ерлікпен қаза тапты.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов марқұмның отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

«2016 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында төтенше жағдай орын алды. Сол оқиғада Оңтүстіктің тумасы Сапар Досбол Еркінбекұлы ерлікпен қаза тапты. Ол өзіне жүктелген әскери міндетті адал, жоғарғы деңгейде атқарды.

Отан үшін оққа ұшқан Досбол бауырымыздың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына және күллі Оңтүстік жұртына қайғырып көңіл айтамын»,-делінген өңір басшысының көңіл айту хатында.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбеде қанды оқиғаға қатысы бар 8 адамға іздеу жарияланды (фото)

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған оңтүстікқазақстандық жауынгердің денесі туған еліне жеткізілді (фото)

Бақытбек Смағұл: Ақтөбедегі терактіні салафилік ағым өкілдері істегенін ашық айту керек

Ақтөбедегі шабуылды "Қазақстанды азат ету армиясы" мойнына алды

Қазақстанның барлық аумағына террорлық қауіптің «сары» түсі енгізілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1151811-atamqulov-aqtobede-qaza-tapqan-zhauyn/