Қостанайда көлікті басып озбақ болған мотоциклші қаза тапты

Опубликовано:

Ғаламторда мотоциклшінің қатысуымен болған Рудныйдағы жол апаты туралы бейнебаян пайда болды деп жазады Қостанай таңы басылымы.

29 жастағы мотоциклші Ленин көшесімен келе жатып, Гоголь көшесімен қиылысатын тұста епті тәсіл жасамақ болған. Яғни алдындағы көлікті айналып өтпекші болып қарсы жолаққа шығып, әп-сәтте сол қапталға бұрылып бара жатқан Audi-ге соғылған.

Audi иесі жапа шеккен жоқ. Ал мотоциклші көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Кейінірек анықталғандай, ол сол күні кешке таман көз жұмған.

Қайғылы оқиғаға марқұмның өзі кінәлі екені толығымен анықталды және мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргендігі белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1153495-qostanayda-kolikti-basyp-ozbaq-bolgha-2/