Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі теракт: Ауруханада тағы екі адам қайтыс болды

Опубликовано:

Ақтөбедегі терактіден тағы екі адам қайтыс болып, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, дүйсенбі күні таңғы уақытта бір лаңкес қайтыс болған, оған ота жасалған, бірақ ол ауыр жарақатынан көз жұмды. Сонымен қатар, бірінші күні лаңкестердің қолынан жарақат алған бейбіт тұрғын қайтыс болыпты.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбедегі 5 маусымда орын алған оқиға салдарынан жараланған тоғыз адамның төртеуінің жағдайы ауыр екенін айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

«Жедел медициналық жәрдеммен ауруханаға жеткізілген тоғыз адам болатын. Олардың төртеуі қалды. Құдайға шүкір, бесеуінің денсаулығы жақсы. Қалған төртеуі әлі де бақылауда. Жапа шеккендер саны әлі де сол бұрынғыша. Қазіргі күні біз операция жасағандардың денсаулығын толық бақылаудамыз. Олардың бәрі сауығып келеді, бәрі дұрыс болады деп ойлаймын», - деді министр.

Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан терактіден кейін түскен науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін баяндады деп жазады Хабар арнасы.

"Біздің мекемеде жатқан аурулардың жағдайы бүгінгі таңда тұрақты. Жансақтау бөлімшесінде жатқан 4 адамның жағдайы тұрақты. Сескенетін ештеңесі жоқ. Тағайындалған емді қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті, жарақаттанғандардың үшеуі ол – құқық қорғау органдарының азаматтары және де бір әскери, төртіншісі – лаңкес. Қалған аурулары жатқан бөлімшедегі олардың жағдайы жақсы, тұрақты, қорқынышты емес. Тағайындалған емді қабылдап жатыр. Ешқандай проблема туындаған жоқ", - дейді Ақтөбенің жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.

Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыз:

Ақтөбедегі атыс болған ауданда "сақалдылар" "халал" дүкен ашқысы келген

Седов: Илья Ильиннің менің спорттық мансабымды аяқтауға құқығы жоқ

Ақтөбедегі атысқа қатысқан лаңкестің ата-анасы ауыр халде жатыр

Назарбаев: Барлық қылмыскерді ұстап, қарсылық танытса көзін жою керек (видео)

Ақтөбеде көз жұмған лаңкестердің барлығы "Хор қыздары" тобына тіркелген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1153676-aqtobedegi-terakt-aurukhanada-taghy-ek/