Сержант Берік Қалиев лаңкестермен соңғы оғы қалғанша атысқан (фото)

Опубликовано:

Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімшесінде қаза болғандарды еске алу өтті. Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының орынбасары Мұхамедқали Құсайынұлы Ақтөбедегі әскери бөлімшеде  атыстың қалай болғанын айтып берді.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«5 маусым күні 6655 әскери бөлімшесінде қиын жағдай болғаны туралы жақсы білесіздер. Күндізгі сағат екіден аса автобуспен қақпаны сындырып, әскери бөлімге 17 қылмыскер қаруланып кіріп келді. Олардың саны бізден көп болған. «Аллаху акбар!» деп айғайлап, қару-жарақ қоймасына қарай шабуылдаған. 6655 әскери бөлімінде болғандар қару көтеріп, оларға тойтарыс берді. Кішігірім шайқас болды», - дейді Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының орынбасары Мұхамедқали Құсайынұлы.

Әскерилер лаңкестердің мақсаты жойқын күші бар қару сақталған қойманы алу болғанын айтады.

«Қоймада қару көп.  Қылмыскерлердің мақсаты -  қару тұрған қойманы басып алу болған. Қарауылдың бастығы мен екі сарбаз шайқасты тоқтатты. Бізде үш адам жүрді, олар 17 адам болған. Олар қатты жараланса да өздерінің міндеттерін орындады. Сол жерде бір қылмыскер өліп, екеуі қатты жараланды», - дейді Мұхамедқали Құсайынұлы.

Бүгінде содырлардың қару-жарақ қоймасына баратын жолды қалай анықтағаны тексеріліп жатыр.

«Біздің қызметкерлер кез-келген жағдайға қарсы тұра алатындарын көрсетті. Бұл оқиға - соның дәлелі.  Олар тосыннан келген шабуылға өмірімен тойтарыс берді. Олар демалыс күні бұлай қарсы шығады деп ойламаған болу керек, бөлімшеден қашып шыққан. Қазақстан әскері кез-келген жағдайға қарсы тұра алатынын дәлелдеп берді. Атыс 10-15 минуттың ішінде болған. Тексеріс біткеннен кейін қаза болғандарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсынысты елбасыға айтамыз», - дейді генерал-майор.

Сыртта атыс болып жатқан кезде борышын өтеп жатқан сарбаздар кітап оқып, теледидар қарап жатқан.

«Демалыс күні сарбаздар казармада кітап оқып, теледидар қарап, хат жазып отырған. Ең бірінші майор Даниел Майлыбаев қаза тапты. Ол автобус қақпаны бұзып кіргенде қарусыз, азаматтық киімде болған. Екінші қатардағы жауынгер Досбол Сапар бекетте болған. Оның қолында тек резеңке дубинка бар, ол солдаттардың тәртібін бақылап жүрген. Сержант Қалиев соңғы оғы қалғанша атысты. Бізде келісімшартпен жасайтын сержант Берік Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар елі үшін өмірлерін қиды. Ұлттық Ұлан қолбасшысының тапсырмасымен сарбаздарды үйлеріне апардық. Екі әскери қызметкеріміздің де артында төрт-төрттен балалары қалды. Қайғырамыз, қазір барлық көмекті көрсетіп жатырмыз. Бөлімшедегі жеті адамымыз жаралы болды. Ауруханада үшеуі жатыр»,- генерал-майор.

Әскерилер аяғынан тік тұрып қызмет көрсетіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты. Бөлімшеде қайтыс болған әскерилердің жатқан жерлеріне гүл қойылған. Қан орындары сумен жуылса да, ізі жатыр.

Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы да оқыңыздар:

Іздеуге жарияланған күдіктілердің бірі өзін тізімнен көріп шошып кетті

Қара жамылған Ақтөбенің бүгінгі жайы (фото)

Ақтөбедегі атыста жараланған сарбаздың анасы: Ұлымды мақтан тұтамын

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Ақтөбедегі терактіден қаза тапқан күзет қызметкері «үйленемін» деп дайындалып жүрген

Ақтөбеде жүргізуші лаңкестердің автобусты қалай басып алғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1155073-lanhkester-qaru-turatyn-qoymany-basyp/