Павлодарда жоғалып кеткен 20 жастағы жігітті көріпкелдер іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Павлодарда 5 маусымда үйінен шығып кетіп қайта келмеген 20 жастағы Бауыржан Нұрмұхамбетовты көріпкелдің көмегімен іздеп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке жігіттің әжесі Бағжан Тәстенова айтқандай, полиция қызметкерлерінен басқа, Бауыржанды еріктілер мен балгер-көріпкел Дәметкен де іздестіру жұмыстарына қосылған.

Соңғы рет Бауыржанды екінші Павлодардағы Карагандинская,1 мекенжайындағы «Даниял» дүкенінде көрген. Жігіт ақ және көк жолақты жеңіл жейде, сұр түсті спорттық шалбар және қоңыр аяқ киімде болған.

"Бауыржан әдеттегідей дүкенге барып келуге шыққан, бірақ үйге оралған жоқ. Сол күні полицияға барып, арыз жаздық. Өкінішке орай, олардан әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Балгер-көріпкелдің көмегіне жүгінуге тура келді. Оның айтуынша немеремді қараусыз қалған жер үйде ұстап отыр. Оның үстіне оны түсініксіз дәрі-дәрмекті ішуге мәжбүрлеп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта еріктілермен қатар балгер қаладағы жер үйлері бар аудандарда іздеп жатыр", - деді Бағжан Тәстенова.

Агенттікке мәлім болғандай, Бауыржан осыдан жарты жыл бұрын әскери борышын Жамбыл облысында өтеп келді. Сол уақыттан бері жұмыссыз жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1155726-pavlodarda-zhoghalyp-ketken-20-zhastaghy-zhi/