Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жігітімен кездесуге кеткен қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын Қымбат Өтегеннің із-түзсіз жоғалып кеткеніне 2 ай болды. Алты балалы ана хабарсыз кеткен қызын таба алмай, құса болуда.

Бұл туралы NUR.KZ-ке хабарласқан Қымбаттың үлкен әпкесі Фариза Өтегенова айтты.

Өтеген Қымбат Өмірбекқызы 1997 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Көкшетау қаласындағы Көкше университетінің 2-ші курсында оқып жүрген ол сәуір айының 12 жұлдызынан бері хабарсыз кетіпті.

Қарапайым балықшының отбасы із-түзсіз кеткен қызын таба алмай, қайғыдан қан жұтып отыр.

«Сіңілім Қымбатты іздеп, полицияға арыз жазғанымызға 1 ай болды. Тәртіп сақшылары әлі табылмады дегенді ғана айтады. Сіңлім алғашында бізден ақша сұрап тұрды. Денсаулығыма байланысты деп сұрағасын 30-40 мыңдап ақша салып тұрдық. Ең соңғы рет онымен 12 сәуірде сөйлестім. Сол кезде 10 мың теңге салып жіберуімді өтінді. Ол басқа нөмірден телефон шалған болатын. Кейін сол нөмірлерге хабарласқанымызда, олардың бірі таксиші, екінші сол таксиде болған жолаушылардың бірі екен. Сіңлім вокзалға бара жатқан жолда солар арқылы хабарласқан», - дейді Қымбаттың әпкесі Фариза.

Фаризаның айтуынша, Қымбат Мақсат есімді жігітпен кездесіп жүрген. Ол жігіт те Қызылорда облысы, Арал ауданының тумасы екен. Кейін екеуінің Астанада кездесіп, үйленетіндерін айтқан.

«Шынымды айтсам, хабарсыз кеткен соң, сол жігіт алып қашқан шығар деп ойладым. Бірақ, полиция мен туыстары әлгі жігітті де таба алмай отыр. Екеуі де мүлдем хабарсыз, із-түзсіз кетті. Сіңілім соңғы айларда тіпті оқуына да бармапты. Біз отбасымызбен қатты алаңдап отырмыз. Анам құсадан өлетін болды. Отбасында 6 баламыз. Қымбат төртіншісі. Мен үйдің үлкені болған соң, жан-жаққа хабарласып жатырмын. Бірақ еш нәтиже жоқ. Егер Қымбатты көргендер болса, көмектессе екен. Анам оны өлтіріп кеткен шығар деп қорқуда. Күн сайын қорқынышты нәрселер болып жатыр», - дейді Фариза Өтегенова.

Қымбат Өтеген орташа бойлы, қара торы келген, көп ашылып сөйлемейтін тұйық қыз.

Оны көргендер болса, мына нөмірге хабарласуын өтінеміз: 8 702 160 98 76

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1156023-qyzylorda-oblysynda-zhigitimen-kezde/