Қаза болған Берік Қалиевтің ұлы әкесі сияқты әскери адам болуды армандайды (фото)
Опубликовано:
Қаза болған Берік Қалиевтің отбасы бастарына түскен қайғыны жеңуге тырысып жатыр деп хабарлайды BNews.kz.
Ұлттық гвардиясының 5517 әскери бөлімінің өкілдері Оралға келіп, отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде етті
Қазір жары Нұрсұлу Қалиева балаларымен бірге бұрынғы жатақханада тұрып жатыр. Үш жасар Гүлдана, бес жасар Әділет, тоғыз жасар Миржан мен 14 жасар Гүлайна әкелерінен қапыда айырылды. 35 жастағы жары бір бөлмені 30 мың теңгеге жалдап тұрады. Ерлікпен қаза тапқан сержанттың зайыбы Оралға биылғы жылдың наурызында көшіп келгенін айтады.
«Берікжан балаларын соңғы рет наурызда көрді. Бірақ күйеуім әрдайым хабарласып, балаларының амандығын сұрап тұрды. Қазір жағдайымыз қиын, дегенмен халықтың көмегі мен көңіліне алғыс айтамын. Өзім жұмысқа тұрған едім, бірақ кішкентай қызымды қарайтын ешкім жоқ. Оны балабақшаға беруім қажет», – дейді Нұрсұлу Қалиева.
Берік Қалиевтің тоғыз жастағы ұлы Миржан болса әкесінің ерлігін мақтаныш етеді.
«Мен әкем секілді міндетті түрде әскери боламын. Бірақ ол үшін оқуымды жақсы оқуым керек», – дейді ол.
5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Вячеслав Пак Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қаза болған сержанттың отбасына міндетті түрде материалдық көмек көрсететінін айтты.
«Отбасының жағдайы нашар екенін көзімізбен көрдік. Әйеліне, балаларына міндетті түрде көмектесеміз. Бұл біздің парызымыз», – деп уәде етті ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметі теракт кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек ретінде қаражат жинап жатқанын хабарлаған болатын.
Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы оқыңыз:
Айсұлтан Назарбаев жарымен және жаңа туған қызымен қазір шетелде жүр
Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестердің бірі қарт әжейді зорлаған
Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1156723-aqtobedegi-terakt-kezinde-qazaq-tapq/