Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің террасасы қирап қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматының "Қазақстан" қонақ үйіндегі балконның бір бөлігі опырылып қалды деп хабарлады Facebook парақшасында қолданушы София Грозная.

"Қазақстан" қонақ үйінде конференцияда отыр едік, сырттан қатты гүрілдің дауысын естідік. Қарасақ балкон құлаған", - деп жазды өзге қолданушы Анна Шабалдина.

Сол арада оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова «Қазақстан» қонақ үйінің шолу алаңқайы - террасасы қирағанын хабарлады.

«Бүгін Алматыда кешкі сағат 17:39-да Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Медеу ауданы, Достық даңғылы 52 мекенжайында орналасқан «Қазақстан» қонақ үйінің темір конструкциясы қирағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен департамент қызметкерлері «Қазақстан» қонақ үйінің сырт жағына екінші қабат деңгейінде жапсарлас салынған шолу алаңқайы - ашық террасасы бағанасының темір қаңқасы қирағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Баймұханбетова.

Айта кетсек, 26 қабаттан тұратын "Қазақстан" қонақ үйі 1975–1977 жылдары салынған.

 

Видео: youtube/Vladimir Prokopenko

фото: Facebook/София Грозная

Тағы оқыңыз:

Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алып ауруханада жатыр

20 жастағы қазақ жігіті Лондонда өз бизнесін ашты

Премьер-министрдiң орынбасары тағайындалды

Арбаға танылған алматылық бес уақыт намазын қаза қылмай, қызметі мен отбасын қатар алып жүр

Баян Есентаева тәуір болып келеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1160203-qazaqstan-qonaq-uyindegi-balkon-opyr/