ОҚО-да дүлей дауыл 300 үйдің шатырын жұлып әкетті
Опубликовано:
ОҚО-да қатты желдің салдарынан 300 үй мен мектептің шатыры ұшып кетті деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысында кеше түнгі сағат 22.30 пен 23.25 аралығында желдің екпіні 25-30 м/с дейін соқты. Қатты желдің салдарынан Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында 300-ден астам ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар құлады.
Онымен қоймай дауыл кесірінен электр желілері үзіліп, нысандарға айтарлықтай зақым келді. Қазіргі таңда алпыс мыңға жуық тұрғыны бар Отырар ауданында жарық түгелімен өшірілді. Себебі жел құрсауында қалған нысандар мен үйлердің басым көпшілігі осы ауданда орналасқан.
Табиғаттың тосын жағдайынан зардап шеккен аудандардағы мән-жаймен өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов арнайы барып танысты. Оқыс оқиғадан xабардар болған аймақ басшысы аталған жағдай өзінің жіті бақылауында болатынын айтты.
Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр. Тіпті комиссия мүшелері әр үйді аралап, шығын көлемін нақтылауда. Зардап шеккен адамдар жоқ. Тек үш адам жеңіл жарақатпен медицина қызметінің көмегіне жүгінген.
Айта кетерлігі, Төтенше жағдайлар қызметіндегілердің болжамы бойынша, оңтүстіктегі бұл дауылға Протонның ұшырылуы себеп болуы мүмкін.
Қазгидромет мамандарының айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда алдағы екі күнде дәл осындай дауыл тұрып, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Тағы да оқыңыздар:
Оралда сұлулық салонында көз жұмған әйелдің туыстары мәскеулік косметологты кешірді
Седов жаттықтырушысын оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады
Ақтөбеде жұрт терактіден кейін қару-жарақ дүкендерін жабуды талап етті
Ақтөбедегі операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1160768-oqo-da-qatty-zheldinh-saldarynan-300-uy-men/