Алматыда өзенге құлап кеткен бір жарым жастағы нәрестенің мәйіті табылды (фото)

Опубликовано:

Алматыда өзенге құлап кеткен бір жарым жастағы нәрестенің мәйіті табылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы ТЖД-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Мәйітті жедел-құтқару тобының құтқарушылары Үлкен Алматы өзенінің алғашқы бөгетінен тапты. Құтқару тобының психологтары баланың жақындарымен сөйлесуде", - дейді Иманқұлов.

Бұған дейін құқыққорғау органдары шетінеп кеткен сәбиің тоғыз айда екенін хабарлаған еді. Кейін бұл ақпарат өзгертіліп, нәрестенің бір жарым жаста екені анықталды.

Еске салсақ Алматыда 15 жастағы қыз бала суретке түспек болып жатқанда, бір жарым жастағы інісін өзенге құлатып алған болатын.

Өзенге құлап кеткен нәрестені іздеу үшін 40 полицей мен ТЖ қызметкерлері жұмылдырылды. Алайда нәрестені құтқару мүмкін болмады.

Тағы да оқыңыздар: 

Оралда сұлулық салонында көз жұмған әйелдің туыстары мәскеулік косметологты кешірді

Седов жаттықтырушысын оның атынан ипотека алып, төлемей жүрді деп айыптады

Ақтөбеде жұрт терактіден кейін қару-жарақ дүкендерін жабуды талап етті

Ақтөбедегі операция кезінде олқылық жіберген лауазымды шенділер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Алматыда ана 1,5 жастағы баласын өзенге құлатып алды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1161234-almatyda-ozenge-qulap-ketken-toghyz-ay/