Тараз тұрғыны екі ер баланы тәттілермен алдап, азғындық әрекеттер жасаған

Опубликовано:

Жамбыл облысы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмағандарға азғындық жасау жөніндегі қылмыстық іске қатысты сот тыңдауы аяқталды.

Сот Е. Люцкинді Тараз шағын аудандарының бірінде орналасқан жатақханадағы өз бөлмесіне 9-10 жастағы екі ер баланы тәтті сатып алуға ақша берем деп алдап ертіп барып, оларды шешіндіріп, ұятты әрекет жасағаны үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

«Сотталушы Е. Люцкиннің бұл әрекеті заң мен мемлекет кепілдік берген балалардың құқықтарына қайшы бағытталғанын ескеріп, сот оның балаларға азғындық көрсеткен әрекетін ауыр қылмыс ретінде жіктеді. Оны балалар тәрбиелеуге қатысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Сарапшылар қазақстандық ауыр атлеттерді үлкен саясаттың құрбаны деп атады

Талдықорғанда полицей мас ер адамнан әйелді қорғаймын деп көз жұмды

Үкімет 8 миллиардқа жуық теңгені тағы игере алмаған

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжияқов елге оралды (фото)

Сенатор жат ағымды дәріптейтіндердің телеарналарда жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1163012-taraz-turghyny-eki-er-balany-tattilerm/