Көрші әйелді алтын сырға үшін пышақтап өлтірген Атырау тұрғыны сотталды

Опубликовано:

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтірді деп айыпталған Атырау қаласының тұрғынына үкім шығарды  деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Бұл оқиға биылғы жылдың ақпанында орын алған. Азамат Е. түнде мас күйде тонау мақсатында терезе арқылы өз көршісінің пәтеріне түседі. Қожайын әйел оянып кетіп, қылмыскерді танып қалады.

Сол кезде Е. асүйге жүгіріп, асхана пышағын алып, әйелге көптеген пышақ жарақатын салады. Әйел алған жарақаттан көз жұмады.

Қаскүнем пәтерден 150 мың теңге тұратын алтын сырға-сақиналарды алып, қылмыс орнынан бой тасалайды. Кешікпей, осыдан кейін оны полицейлер ұстайды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Е. кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)

Ақтөбеде сақалды жігітті телефон сатып жүргені үшін террористер қатарына қосқан

ОҚО-ның бас агрономы аймақта шегірткенің қаптап кетуіне ІІ Николай патшаны кінәлады

Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болды

Америка түрмесінде жазасын өтеп шыққан Азамат Тәжаяқов елге оралды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1163868-atyrauda-altyn-syrgha-ushin-korshi-ayeld/