Алматы облысында өзен деңгейі көтеріліп, бөгетті бұзып кетті

Опубликовано:

Алматы облысында 19 маусымда Бурақожыр өзенінде бөгет бұзылып, 12 адам эвакуацияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күннің екінші жартысында Алматы облысы Панфилов ауданында ауа температурасының көтерілуі және тау басында қардың қарқынды еруі аясында жауын-шашын салдарынан Бурақожыр өзенінде су деңгейі артты. Қаптан тұрғызылған 15 метрлік уақытша бөгет істен шықты. Көктал-Арасан кентінде өзен маңында орналасқан шаруашылық құрылыстарына қауіп төнген соң, 12 үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Ағаш көпір де қирап қалды. Таңертеңге қарай өзен деңгейі екі есеге төмендеді», - деп хабарлады «Қазселденқорғау».

Бұдан басқа сол күні облыстың Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзенін тексеру барысында «Қазселденқорғау» ММ мамандары «Шығыс-Энергия» ЖШС ГЭС-2 ауданында Есік автожолы - Есік өзенінің тоғызыншы шақырымында автожол көпірінің тірегі мен бөктерін су шайып кеткенін анықтады.

Мұның себебі биік тауда қардың қарқынды еруі салдарынан Есік өзеніне судың мөлшерден тыс келуі болды.

Ақпарат шара қабылдау үшін ТЖД-ға, аудан әкіміне, ҰҚК, АІІБ органдарына берілді.

Тағы оқыңыздар:

Ауыр атлетика федерациясы Ильинге қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме жасады

Нұрлан Нығматуллин мәжіліс депутаты атанды

Кәрім Мәсімов допинг дауын тездетіп шешуді тапсырды

Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі жеңілдетілетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1167243-almaty-oblysynda-ozen-denhgeyi-koteri/