Алматының Әл-Фараби даңғылынан ірі әбжылан табылды (фото)

Опубликовано:

Алматының Әл-Фараби даңғылында ұзындығы бір метрден асатын өлі әбжылан табылды. Бұл туралы «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Герпетолог Юлия Зиманың айтуынша, фотодағы әбжылан өте улы болып табылады. Оның бұл түрі Қазақстанда таралмағандықтан, оған қарсы дәрі де елімізде жоқ.

Мамандар әбжыланды экзотиканы ұнататындар алып келген болуы мүмкін деп топшылады. Алайда жыландар жиі қожайындарынан қашып кетіп жатады.

Ал оның салдары қорқынышты болуы мүмкін. Себебі, жылан адамды шаққан жағдайда, оны құтқарып қалу екіталай.

Полина Белованың материалынан аударылды.

Тағы оқыңыз:

11 сынып оқушысы өз есімін "Ақтөбедегі лаңкестер тізімінен" тауып, таң болды

Шымкентте жоғалған оқушы қызды соңғы рет жас жігіт шығарып салған

Қазақстанда ірі ауыс-түйістер болды

Соғымнан кейін қайтыс болған тұрғынның жесірі бұған дәрігерлерді кінәлады

Үлкен дауға қалған Илья Ильинге допингті тамаққа қосып берген болуы мүмкін

Назарбаев Астананы кім басқаратынына немқұрайлы қарай алмайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1168304-almatynynh-al-farabi-danhghylynan-iri-ab/