Танымал отандық тележурналист ауыр дерттен көз жұмды
Опубликовано:
Алматыда бүгін ауыр дерттен қазақстандық тележурналист Лейла Бабаева қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.
Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Лейла соңғы бірнеше жыл бойы өкпе обырынан зардап шеккен.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Дәрібаев көшесі 12-ші үй, 9-шы пәтерде өткізіледі.
Лейла Бабаева 1964 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, КИМЭП университетін тәмамдаған. Әр жылдары «Қазақстан», «Алматы» және «31 арна» телеарналарында еңбек еткен. Күйеуі белгілі журналист Абзал Әбенов осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған.
Марқұмның соңында үш баласы қалды.
Тағы да оқыңыздар:
Ақордадағы ірі кадрлық ауыс-түйіс: Әлеуметтік наразылықтың артуының нәтижесі ме?
Екі жылдан бері әлеуметтік желіден алшақтап кеткен Мәсімов қайтадан "онлайн" болды
Азат Перуашев мәжілістегі әлімжеттік туралы айтып, ағынан жарылды
Қарақұрттан шаршаған шымкенттіктерді енді шаян шаға бастады
ОҚО-да 2 жасар бүлдіршін қазан тазалайтын химикатты ішіп қойған
Салтанат Бақаева имиджін өзгертті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1168579-tanymal-otandyq-telezhurnalist-auyr-d/