Шымкентте қоғамдық автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылып кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте таңғы сағат жетілер шамасында көлік апаты орын алды деп xабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілші.

47 бағыттағы автобус "Мерседес" жеңіл көлігімен соқтығысып, жол бойында аударылып кетті. Куәгерлердің айтуынша автобус жол бойында бұрылыс жасамақшы болған. Сол сәтте жеңіл көлік артынан келіп соққан.

Автобус ішінде жүргізушіден өзге жолаушылар болмаған. Ал "Мерседес" ішінде көлікті тізгіндеген азаматтан бөлек тағы бір жолаушы болыпты.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына полицейлер келіп жетті. Мән-жайды анықтап жатыр.

Айта кетейік, көлік апаты Темірлан тас жолы бойында болған.

Тағы оқыңыз:

Қарағандыдан кейін күйдіргі дерті Шығыс Қазақстан облысынан шықты

Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ

Ертіс ернеуінен асып, Өскеменді топан су басты

Қазақстан Орта Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел болып танылды

Қарағанды облысында "Сібір жарасынан" көз жұмғандарды дәрігерлер бірнеше күн тентіреткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1171626-shymkentte-qoghamdyq-avtobus-zhenhil-kol/