ШҚО-да күйеуі мен қайын атасынан қорлық көрген әйел 3 баласын дарға асып өлтірді

Опубликовано:

Зомбылық - жеке проблема емес, ол қоғамдық мәселе. Бас прокурор Жақып Асанов осындай пікір білдірді.

Жиын барысында баяндама жасаған Бас прокурор өмірден бірнеше мысал келтірді.

«Күйеуім, қайнағам, атам 11 жыл бойы ұрып-соқты деп, Шемонаихада бір келіншек кішкентай үш баласын асып өлтіріп, өзі де дарға асылған. Түркістанда үй иесі 6 адамды - анасын, әйелін, 5 жасар қызы мен ұлын, екі бауырын өлтіруге ұмтылған. Шешесі мен ұлы тірі қалып, төртеуі қаза тапты. Астанада бұрынғы әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Кішкентай төрт бала жетім қалды. Қызылорданың Жосалы кентінде айтқаныма көнбеді деп, әйелін байлап, атпен сүйреп өлтірген. Статистика бойынша өткен жылы үй-жайларда 308 адам көз жұмды. Бұл жалпы кісі өлтірудің үштен бірі», - деген Бас прокурор зорлық-зомбылықтың басқа да сорақы түрлері көп екенін алға тартты.

Оның айтуынша, тек биылдың өзінде 316 әйел өзіне қол салған. Ал, бүгінде түрмеде 300 әйел отбасындағы жанжал кезінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеуде.

«Қаншама шаңырақ шайқалып, кереге сөгілді, балалар жетім қалды. Еңбек етуге ерініп, әйелінің тапқан ақшасын ішімдік пен есірткіге жұмсап, балаларын аш-жалаңаш қуып шыққан азаматтар аз емес. Отбасынан безініп, алимент төлеуден қашып жүргендер қаншама. Осындай жан түршігетін жағдайларға не себеп? Жалпы, бұл мәселе ұзақ жылдар айтылмай келді. Әлеуметтік проблема ретінде қаралмады. Отбасы әр адамның жеке шаруасы деген көзқарасты ұстандық. Жабулы қазан жабулы күйінде қалсын дедік. Бұл бұрыннан келе жатқан, қанымызға сіңген жаман дерт», - деді Жақып Асанов.

Оның пікірінше, көшедегі агрессияның да бір ұшы отбасындағы жағдаймен байланысты. Үйден ызамен шыққан адам өшін өзгеден алады. Қоғамдық жерде, көлікте, кезекте, тіпті демалыс сәттерінде де жұрт шыдамсыз, ашулы.

«Зомбылық - жеке проблема емес, ол қоғамдық мәселе. Жұмыссыздық, қылмыстар, өзге де келеңсіз жағдайлар отбасындағы ахуалға тікелей қатысты», - деді Бас прокурор.

Тағы да оқыңыздар:

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

ОҚО-да қазақша жаза алмайтын баспасөз хатшысы жергілікті журналистерге жақпай қалды

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Өз тобында бірде-бір рет жеңбеген Португалия жартылай финалға шықты

Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1174586-bas-prokuror-kuyeuinen-qorlyq-korip-t/