Қарағандылық студент күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

Опубликовано:

Қарағандыда тағы бір адам күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. 24 жастағы жігіт Қарағанды медициналық университетінің бесінші курс студенті екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Одан алынған сынамалар сараптамаға жіберілген. Ал карантин жарияланған Еркіндік аулында тағы бір сиыр арам қатты. Ірі қара кесел жұқтырды ма әлде залалсыздандыратын дәрілерден уланды ма, соны қазір ветеринарлар анықтауда. Жалпы, дерт ошағы Еркіндікте ауру жұқтырғандармен байланыста болған 73 адам дәрігерлердің бақылауында.

Медициналық академияның 5 курс студенті маусымның 18-і күні ауруханада кезекшілікте болған. Дәл сол түні «асқазаны бұзылды» деген күдікпен жеткізілген науқасты тексереді деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Әйелдің Сібір жарасын жұқтырғаны 2 күннен соң анықталып, кейін ол көз жұмған еді. Марқұммен байланыста болған студент тиісті емін алған. Бірақ арада он күн өткенде, одан Сібір жарасының белгілері байқалды. Бүгінде сынамалар алынып тексеруге жіберілді.

Зертхана қорытындысы бірер күнде дайын болады. Қазір студенттің жағдайы қанағаттанарлық. Онымен бірге науқастармен қарым-қатынаста болған өзге дәрігерлер де бақылауға алынған. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында сегіз адам ем алып жатыр.

Ауылда залалсыздандыру шаралары да үзіліссіз жүріп жатыр. Мамандар ауру таратуы мүмкін деп 47 қаңғыған ит пен мысықты ұстап өртеп жіберген. Ал арам өлген тайыншаның денесінен сынамалар алынып, арнайы сараптамаға жіберіліпті.

"Дәріні қоражайдың айналасына жасағанда оның жанында шөптер өсіп тұруы мүмкін. Содан уланған шығар деген де қауіп бар. Бірақ ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Сібір жарасы, күйдіргіде малдың денесі босаңсиды. Ал мұнда тәні қатты, ауру малдың өзіне тән клиникалық себептері жоқ", - дейді Ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша испекциясының жетекшісі Марат Мұхтаров.

Тағы да оқыңыздар:

АҚШ-тағы гей-парадта Қазақстанның туын ұстап шыққан бойжеткен анықталды (фото)

Танымал сазгер тойға 120 адамнан артық қонақ шақырмауды сұраған ОҚО прокурорын састырды

Мақпал Жүнісова аздап сыра ішіп тұратынын концертінде айтып қойды

Назарбаев: Ата-баба аруағына сыйынғанда тұрған еш әбестік жоқ

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін "Бораттың жерлесімін" деп таныстырды (видео)

ОҚО-да 16 жылдан бері Мәдениет үйін паналап келген жесір әйел NUR.KZ-тегі мақаладан соң үйлі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1174714-qaraghandylyq-student-kuydirgi-derti/