Қарағанды облысында радикалды топтың мүшесі өзін өзі жарып жіберді

Опубликовано:

Қарағанды облысы Гүлшат кентінде террорлық топқа қатысы бар күдікті өзін өзі жарып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 маусым күні Балқаш қаласында және Гүлшат кентінде радикалды топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Олар жарлығыш заттарды пайдалана отырып, террорлық акт ұйымдастыруды жоспарлаған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Гүлшат кентінде күдіктілердің бірін құрықтамақ болғанда ол өзін өзі жарып жіберді. Салдарынан күдікті оқиға орнында алған жарақаттардан көз жұмды.

"Өзге жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Террорлық топтың өзге мүшелері құрықталды. Жарылғыш заттар, қару-жарақ және өзге де заттай айғақтар тәркіге алынды", - дейді баспасөз қызметінен.

Факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық журналист елбасы туралы фильмнен Назарбаевтың ерекше кадрларын жариялады (фото, видео)

Жарылыс кезінде Ыстамбұлға ұшып келген қазақстандық жантүршігерлік жайтты баяндап берді (фото, видео)

Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп қалған студент: Өз жерім туралы ешқашан жаман жазған емеспін

Еліміздегі жас келіндер күйеуінен "мәхр" сыйлығы үшін пәтер мен құндыз тон сұрайтын болған

Бортында қазақстандықтар болған ұшақ Стамбулдағы терактіден 5 минут бұрын ұшып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1175721-qaraghandy-oblysynda-terrorlyq-topqa/