Ақтауда жұрттың көзінше жаға жыртысқан бес әйелді полицейлер ақыры іздеп тапты (видео)

Опубликовано:

Ақтауда жұрттың көзінше жаға жыртысып төбелескен бес әйелді полицейлер ақыры іздеп тапты деп хабарлайды 31 арна.

Ұсталғандардың екеуі 28 жастағы Өзбекстан азаматтары, ал қалған үшеуі қазақстандықтар екен. Қазір "бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Қазір бұл бейнежазба айғақ зат ретінде алынып, тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Қоғамдық жерде жаппай төбелес шығарғандары үшін енді бес әйелге 4 миллион 242 мың теңге көлемінде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Немесе осы сомаға қоғамдық жұмысқа тартылады.

"Өзбекстан азаматтарының Ақтауда қалай тұрып жатқаны да анықталуда. Егер елде тұру тәртібін бұзған жағдайда тағы қосымша әкімшілік шараларға тартылады. Тергеу жұмыстары аяқталған соң, іс сотқа жолданады", - дейді ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Жазира Әбіл.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда өзен жағалауында бірнеше әйел шаш жұлысқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1178126-aqtauda-zhurttynh-kozinshe-zhagha-zhyrtysq/