Сериалдағы эротикалық көрініске елірген ақтөбелік жиен қарындасын зорлап тастады

Опубликовано:

«Бригада» сериалынан эротикалық көріністер көрген жігіт нәпсісі қозып, ұйықтап жатқан жиен қарындасын зорлаған.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында судья Әжіғалиева үш ай бұрын тіркелген оқиғаға қатысты сот үкімін шығарды. Нағашы ағасы ұйықтап жатқан әпкесінің қызымен жыныстық байланысқа түскен.

Оқиға 7 наурызда болған.  Ауылшаруашылығы колледжінің студентіне әпкесі мен жездесі жиендерін тапсырып кеткен. Жиендері қонақ бөлмеде ұйықтап жатқан. Ноутбуктен «Бригада» сериалын қарап отырған жігіт басты кейіпкердің жыныстық қатынасқа түскенін көріп, нәпсі құмарлығы артқан. Ол үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, жиендерінің үлкені - 5 жастағы қыз балаға зорлық көрсеткен.

Сот оның бірінші рет сотталғанын ескеріп, жалпы режимде 5 жылға абақтыға қамауға үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы 1 миллион 30 мың 647 теңге іс жүргізу шығынын өтеу керек.

Тағы да оқыңыздар:

Астана жұрты Салидат Қайырбекованы соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Ерке Есмаханның көлеңкесінде қалған молда ағасы жалыққанын айтты

Көріпкелге сенген павлодарлық қария 900 мың теңгесінен айырылып қалды

Шымкенттік журналист Төреғали Төреәліге неліктен дауыс көтергенін айтты

Елімізде ерте жастан жүкті болып қалатын қыздар көбейген

Мақпал Исабекованың жартылай жалаңаш фотосы жұрттың ашуын келтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1179509-serialdaghy-erotikalyq-koriniske-eli/