Астанада үй аламын деп оңбай алданып қалған әйел өзін өртеп жібермек болды (фото)

Опубликовано:

Астанада сегіз миллион теңгесін үй салуға беріп, құрылыс компаниясына алданып қалған Ольга Цветкова есімді тұрғын өзін өртеп жібермек болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы info-tses.kz сайтына сілтеме жасап.

Келіншектің ақшасын қайтармай жүрген компания басшысы оқиға орнына келіп, әйелге ақшасын жеті күнде қайтаруға уәде берген. Тіпті сөзінің растығын қолхатпен бекіткен.

Әйел «Ата-Кент» құрылыс компаниясының басшысы К.Бодауханның қаражатын қайтармай түксіз қалдырғаны үшін өмірі құрдымға кетіп бара жатқанын айтып, өзіне қол салатынын жария еткен.

"Мен біздің жүйенің әділдігіне сенбеймін. Сотқа да сенбеймін. Ешкімге сенбеймін. Баратын жерім қалмады. Қайыр сұрап қалдым. Мен ұлыммен бірге өз ақшама адамдарша өмір сүргім келеді", - деп ашынды Ольга.

Ол ертесімен балконға шығып алып, үстіне бензин құйған. Оттықты тұтатып тұрған әйелді құтқарушылар екі сағат бойы тоқтатуға тырысқан. Ольга оқиға орнына құрылыс компаниясының басшысы келмесе, өзін өртейтінін мәлімдеген.

Ольга уәде етілген үйі де, қаражаты да қайтпай қалғанның салдарынан күйеуі оны баласымен тастап кеткенін және бүгінде түксіз қалғанын айтып, мұңын шақты.

Тағы оқыңыз:

Шетелдіктер қазақтың ен даласындағы жатпланеталықтарды құтқаруға тырысып жатыр (видео)

Ақтауда клиентке таласқан жезөкшелер төбелесіп қалды

Алматы облысында 4 метрлік дәретхана шұңқырынан тағы бір нәресте табылды

Назарбаев: Қазақ жастарының шетелде жалшы болып жүрмегенін мақтан тұтамын

Ақтөбеде дүниеге келген төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1180762-astanada-uy-alamyn-dep-tuksiz-qalghan/