Ақтөбеде клубтағы арудың әуретті жерін ұстаған жігіт күзетшіден оңбай таяқ жеді

Опубликовано:

Ақтөбеде клубтағы бойжеткеннің әуретті жерін ұстаған жігіт күзетшіден оңбай таяқ жеді. Қызметкер оның жағын үш жерден сындырып жіберген. Бұл туралы timeskz.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Оқыс жағдай Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтардың бірінде сенбі күні болған. Клубта «Гоу-гоу» биін билейтін бикештердің бірінің әуретті жеріне жігіттің көзі түседі. Ақыры шыдамы таусылған азамат көзді ала бере арудың жамбасына қол жүгіртіп үлгереді.

Биші қызға араша түскен күзетші масайып қалған бұзақы жігітті сыртқа шығарып, оңаша "еркектерше" әңгімелеседі. Қызға қол жүгірткені үшін қызметкер жігітті соққыға жығып, жағын үш жерден сындырып жіберген.

Полиция "қасақана жігіттің денсаулығына зиян келтірген" күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Тағы оқыңыз:

Шетелдіктер қазақтың ен даласындағы жатпланеталықтарды құтқаруға тырысып жатыр (видео)

Ақтауда клиентке таласқан жезөкшелер төбелесіп қалды

Алматы облысында 4 метрлік дәретхана шұңқырынан тағы бір нәресте табылды

Назарбаев: Қазақ жастарының шетелде жалшы болып жүрмегенін мақтан тұтамын

Ақтөбеде дүниеге келген төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1180933-aqtobede-klubtaghy-arudynh-auretti-zher/