Шымкентте жоғары кернеулі тоқ соққан адам тіл тартпай кетті

Опубликовано:

8 шілде күні ОҚО ТЖД Құтқару тобына жергілікті тұрғындардың бірі «Қайтпас-1» мөлтекауданындағы жоғары кернеулі электр сымында әлдекімнің ілініп тұрғанын айтып хабар берген деп жазады Қазақпарат.

Куәгерлердің сөзінше, электр сымындағы ақауды жөндемек болған азамат бағанаға шыққан. Сол мезетте әлгі азамат тоққа түсіп қалған. Салдарынан электрші оқиға орнында көз жұмған.

Шақыртумен келген құтқарушылар қаза болған азаматтың денесін жерге алып түскен. Алдын ала болжам бойынша өлім құшқан азамат қауіпсіздік ережелерін сақтамаған болуы мүмкін.

Нақты себебі анықтау жұмыстарынан кейін белгілі болады, деп хабарлайды ТВК телеарнасы.

Тағы оқыңыздар:

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Еуро-2016: Португалия тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды (видео)

«Нұр отан» мүшесі Қазақстанға келіп жатқан қытайларды әшкереледі

Дос Көшім: Сатушысынан премьер-министріне дейін жемқорлық жайлаған елде реформа жүргізуге болмайды

Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесін өзінің есімімен атауды ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1185019-shymkentte-zhoghary-kerneuli-toqqa-tusk/