Алматы облысының тұрғыны ауылдағы емханада уколдан кейін көз жұмды

Опубликовано:

Алматы облысы Бәйтерек ауылының 64 жастағы тұрғыны жергілікті емханада уколдан кейін қаза болды. Туыстарының айтуынша, дәрігер ер адамның уколдан аллергиясы жоқтығын тексермеген. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Тоғызыншы шілде күні менің әкем Алматыдан Бәйтерек ауылына жұмыстан келген болатын. Әкем созылмалы бронхитпен ауыратын. Анам емханаға баруды ұсынды. Сағат таңғы тоғызда оны Гүлмира Нұрбекова есімді терапевт-дәрігер қабылдады. Анам оған әкеміздің лидокаинге аллергиясы барын ескерткен еді. Ол укол салмас бұрын аллергиясын тексеремін деп айтты", - деп есіне алды қаза болған азаматтың қызы Ирина Сивак.

Содан кейін Иринаның айтуынша, 64 жастағы Александрға дәрігер еш тексерместен, лидокаинді сала салған. Тіпті қарсылық білдірген Александрдың әйелін сыртқа қуып шығыпты.

"Ол анама шық деп айқай салды, анам шығып кетті. Екі минуттан кейін медбике үрейлі көзбен атып шықты. Дәрігерлердің бірі шұғыл дәріханадан алғашқы көмекке қажет дәрі сатып алу керек деп айқайлады. Оларда тіпті көмекке қажет дәрілер де жоқ екен. Анам жүгіріп дәріні алып келгенде дәрігерлер оны тамырына сала алмай қойды. Ал әкем тұншығып жатты", - дейді Ирина Сивак.

Отбасы Александрдың өліміне жауапты дәрігерлер жазасыз құтылып кете ме деп қорқады.

Тағы оқыңыздар:

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Еуро-2016: Португалия тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды (видео)

Айдос Сарым Инвестициялар және даму вице-министрінің халықтан кешірім сұрауын талап етті (видео)

Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырды деп айыпталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Нұротандықтар депутаттарға ілесе алмай қалған тілшіні «бастығыңа айтамын» деп қорқытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1185576-almaty-oblysynynh-turghyny-auyldaghy-em/