Ақтаулық жүргізуші жолдан өтіп болмаған бойжеткенді аяусыз сабап тастады

Опубликовано:

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп болмаған бойжеткенді жүргізушілердің бірі сабап тастады.

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға 10 маусым күні болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өткен бойжеткеннің телефонмен сөйлесуі, әрі жолдан өтіп болмауы көлік жүргізушісінің ашуын келтіреді. Ол қыздан жолдан тез өтуін сұраған. Алайда, бойжеткен биік тақалы аяқ киіммен жүгіріп өтудің ыңғайсыз екенін айтып, жүргізушінің сөзіне құлақ аспайды.

Осы кезде ашуға булыққан жүргізуші көлігінен түсіп, бойжеткенге үш жерден соққы жұмсайды. Қуанышқа қарай, соққының астында қалған бойжеткенге өзге бір көлік жүргізуші араша түскен.

Бүгінде ашуын тыя алмаған жүргізушінің кім екені анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Нағыз қаһарман: Ұлты үшін жанұшырған миллиардер кім?

Білім министрлігі еліміздегі жетім балаларды "топас", "еріншек", "басы істемейді" деп сипаттаған

Ринат Зайытов өзі бас жүлде алған айтыста "Нұр Отанға" жыр шумағын арнады

Аралқұмдағы емші бала: Маған «жын кіріп кеткен екен» деп айтқандар тоқтатсын! (фото)

Роналду чемпионатта алған "Күміс бутсыны" командаласына сыйлап жіберді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1185994-aqtaulyq-zhurgizushi-zholdan-otip-bolma/