Ниццадағы терактіден Қазақстанның төрт азаматы қайтыс болды

Опубликовано:

Ниццада (Франция) орын алған теракті кезінде Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) Ниццадағы лаңкестіктің құрбандары болды. Туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан СІМ қаза болғандардың туыстарына барлық қажет көмекті көрсететін болады», - делінген ҚР СІМ-нің Твиттер арқылы таратқан хабарламасында.

Еске сала кетейік, 14 шілде күні Ниццада орын алған лаңкестіктен соң, сонда болған қазақстандық бір отбасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1191902-niccadaghy-teraktiden-qazaqstannynh-t/