Әлеуметтік желіде Алматыдағы атыстан полицейдің жарақат алғаны хабарланды

Опубликовано:

Алматыда көшелерінде атыс болып жатыр. Атыс салдарынан полиция қызметкері зардап шекті деп жазады NUR.KZ.

Қазақпарат хабарлауынша, белгісіз адам атыс қаруымен оқ атқан. Қазір Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы қоршауға алынды.

Мак Арнов атты Facebook қолданушысы оқиға куәгеріне сілтеме жасай отырып, полицейлердің жарақат алғанын жазды.

Куәгерлердің хабарлауынша, Николь базары, Абай даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысында, Абылай хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі аумағында аумағында атыстар естілген. Белгісіз адам көшеде автоматпен жүгіріп жүріп оқ атқан.

Оқиғаға жақын орналасқан кеңседегілер 10-ға жуық оқ даусын естіген. Тағы бір куәгер белгісіз жігіт посттағылардан автоматын тартып алып, таксишілерді қорқыта бастағанын жазады.

Алматы қалалық ІІБ оқыс оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары және жедел жәрдем машиналары бар.

 

Алматыдағы жантүршігерлік атыс туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Мектепте "ботаник" атанып, бай болуды армандаған Әбдірахымов қалай әкім болды? (фото)

Стамбул қазағы: Ердоған дінге рұқсат беріп отыр, сондықтан оны қолдайтындар көп

Танымал суретші қыздардың күйеуге қыз күйінде тиюі керектігін ескертті

Нұрлан Ноғаев теп-тегіс жерге пандус салып қойғандарды мисыз деп атады (видео)

ОҚО-дағы арнайы операция барысында пара алған 15 полицей тұтқындалды

Фредди Роуч: Головкин кіші Юбенкті өлтіріп қоюы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1192419-kuagerler-almaty-koshelerinde-atys-bo/