ІІД антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйінен шықпауға шақырды

Опубликовано:

Алматы қалалық ІІД қалада антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын хабарлап, барша азаматтарды аса сақ болуға шақырды деп жазады NUR.KZ.

"18.07.2016 жылы Алматы қаласының аумағында антитеррорлық операция жүргізілетіні хабарланады. Осыған байланысты, азаматтарды үйлерінен кетпей, халық көп шоғырланған жерлерге бармауға шақырамыз. Күдік тудырған адамдарды көрсеңіздер, дереу құқық қорғаушыларға хабарласыңыздар және тәртіп сақшыларының қызметіне түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Арнайы операция туралы толығырақ хабарланатын болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1192583-iid-antiterrorlyq-operaciya-zhurip-zhat/