Алматыдағы атыста 14 шақты адам ауруханаға түскен

Опубликовано:

Алматыдағы атыстан соң 14 шақты адам ауруханаға түсті деп хабарлайды ҚазТАГ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Орталық аурухананың хирургия бөліміне 5 адам түсті", - деп хабарлады дүйсенбі күні ауруханадан.

Жарақат алғандарды ауруханаға жедел жәрдем қызметкерлері жеткізген.

Еске сала кетейік, бүгін күндіздгі сағат 11 шамасында Алматыда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Осыдан соң, қалалық ІІД Алматы қаласы бойынша антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын  хабарлап, қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл белгісін енгізді.

Алматыдағы атысқа бұрын адам өліміне қатысты болған 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы кінәлі деп айтылуда.

Бүгінде қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар өте сақ қимылдауда.

Алматыдағы жантүршігерлік атыс туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы атыстан соң 7 полицей жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда жантүршігерлік атысты ұйымдастарған күдіктілердің бірі ұсталды (видео)

Алматыда террорлық қауіп-қатердің қызыл деңгейі жарияланды

ІІД антитеррорлық операция жүріп жатқанын хабарлап, азаматтарды үйінен шықпауға шақырды

Алматыдағы атысты қолына автомат ұстаған белгісіз адам бастаған

Алматыдағы атыста полиция қызметкерлерін өлтіріп кетті (фото +18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1192853-almatydaghy-atysta-14-shaqty-adam-aurukhan/