Алматыдағы атыста қаза болған полицейлердің есімдері белгілі болды (фото)
Опубликовано:
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі қаладағы атыс кезінде қаза болған полицейлер жайлы деректерді жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.
Полиция капитаны Нұрмаханбетов Бауыржан Мәлікұлы, ІІД ӘПБ жанындағы ЖППҚҚ қызметінің аға инспекторы, 28.03.1988 ж. 22.12.2011 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы – үйленген, бір қызы бар.
Полицияның кіші сержанты Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы, ІІД ЖПҚ жанындағы ЖПП полкінің полицейі, 02.11.1991 ж. 15.11.2013 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы – үйленген, бір қызы бар.
Полиция старшинасы Ғалиев Аян Ерболғанұлы, Алматы қаласы МҚҚБ ММ 2-полиция батальонының полицейі, 18.04.1974 ж. 30.01.1997 жылдан бастап Ішкі істер бөлімінде. Ішкі істер бөлімінде. Отбасылық жағдайы – үйленген, екі қызы бар.
Еске сала кетейік, бүгін күндізгі сағат 11 шамасында Алматыда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Осыдан соң, қалалық ІІД Алматы қаласы бойынша антитеррорлық операция жүргізіліп жатқанын хабарлап, қалада террорлық қауіп-қатердің қызыл белгісін енгізді.
Алматыдағы атысқа бұрын адам өліміне қатысты болған 27 жастағы Қызылорда облысының тумасы кінәлі деп айтылуда.
Бүгінде қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрғындар өте сақ қимылдауда.
Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев Алматыда болған атысты теракт деп атады
БАҚ: Алматыдағы атыс кезінде мәжіліс депутатының інісі қаза болды
Алматыдағы елді дүрліктірген шабуыл: Оқиғаның хроникасы (фото, видео)
Алматыдағы атыстан қаза тапқан «Күзет» қызметкерінің артында екі баласы қалды
Алматыдағы оқиғадан хабардар болған ақтөбеліктер қорқынышпен отыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1193458-almatydaghy-atysta-qaza-bolghan-police/