Алматылық тұрғын қаза тапқан полицейлердің арасынан көршісін көріп, есеңгеріп қалған

Опубликовано:

Алматы тұрғыны Дәулет Құрманбаев 18 шілде күні болған терактіден өз көршісінің қаза тапқанын естіп, есеңгіреп қалған деп хабарлайды Қазақпарат.

Өзінің Facebook парақшасына Дәулет қоштасу постын жазып, Аян Ғалиев туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Аянмен Дәлет Құрманбаев орталықтан 20 шақырым жердегі Жаңатұрмыс елді мекенінде көрші болыпты.

«Ескі гольф көлігі оны жұмысқа алып баратын. Аян өте мейірімді еді. Өте кеш үйленді және бірінші қызы туғанда өте бақытты болды. Кейін екінші қызы туылды», - деп жазды Құрманбаев.

Ол өз көлігінің жанында тұрған бейтаныс ер адамды Аянның байқағанын және өз міндетіне жатпаса да, әлгі адамды Аянның сұрақтың астына алғанын еске алды. Ол халықтың тыныштығын күзетті.

«Алматыда теракт болғанда, әлемнің өзгергенін түсіндім. Бұл алыстағы Еуропада емес, өз елімізде болып жатыр. Біз өте мұқият және сақ болуымыз керек. Қолдағы барды бағалайық. Мерт болған полиция суреттерінің арасынан Аянды көріп таң қалдым. Ол біздің тыныштығымызды күзетті. Өзінің өмірін қиды. Иманды болсын», - деп аяқтады ол ойын.

Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Алматыда болған атысты теракт деп атады

Қаралы дүйсенбі: Алматыдағы атыстан жалпы есебі 5 адам қаза тапты

ҰҚК: Алматыдағы терактіні жасаушы бұрын сотталған салафит

Алматыдағы атыста қаза болған полицейлердің есімдері белгілі болды (фото)

Қасымов: Алматыны дүрліктірген лаңкес түнде жеңіл жүрісті әйелді атып тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1193996-almatylyq-turghyn-qaza-tapqan-policey/