Лаңкестік салдарынан қаза тапқандар отбасына 15 млн теңгеден берілетін болды

Опубликовано:

Алматыдағы лаңкестік оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, жарақат алғандарға 5 миллион теңгеден көмек берілетін болды. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігі хабарлап отыр.

Бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек жәбірленгендер ем алып жатқан ауруханада болып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты. Бүгінгі таңда жансақтау бөлімінде жатқан үш полицейдің халі аса ауыр, қалған төртеуінің жағдайы тұрақты ауыр дейді дәрігерлер.

"Полицейлер ерлік танытты, ешқайсысы сасып қалған жоқ, барлығы да қарсылық көрсетті. Мен олардың жақындары мен туыстарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Қазір дәрігерлер өзгелерінің өмірі үшін күресіп жатыр. Үш полицей аса ауыр халде. Әскери хирургия саласының мамандарын тарту арқылы тиісті шаралар да атқарылуда. Олар алғашқы көмектің дұрыс жасалғанын айтты", - деді қала басшысы.

Естеріңізге салайық, кеше Алматыдағы полиция бөлімшелерінің біріне суық қаруланған ер азамат шабуыл жасап, бірнеше тәртіп сақшысын жаралады. Салдарынан үш полицей мен екі бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын. Күдіктінің өзі болса атыс кезінде қолға түсті. Ол жедел жәрдем ауруханасынан бүгін уақытша ұстау абақтысына ауыстырылды. ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақановтың айтуынша, ұсталған азамат бұған дейін салафилермен тығыз байланыста болған.

Алматыдағы лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар

Тағы оқыңыздар:

Алматы жұртшылығын дүрліктірген адам тергеу изоляторына қамалды

Қазақстандықтар Алматыда қаза болған теракт құрбандарын аза тұтуда

Алматылық тұрғын қаза тапқан полицейлердің арасынан көршісін көріп, есеңгеріп қалған

Ішкі істер министрі: Екінші күдікті сыбайлас емес, кепіл тұтқын

Алматыдағы атыс кезінде қаза болған старшина ондаған адамды ажалдан арашалаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1194193-lanhkestik-saldarynan-qaza-tapqandar/