Министр мұғалімдерді "Егемен Қазақстан" газетіне күштеп жаздыртпауға уәде берді
Опубликовано:
Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев кеше Алматыда «Қазақ газеттері» мен «Жас өркен» ЖШС-на және Жазушылар одағына қарасты газет-журналдардың бас редакторларымен кездесу өткізді деп жазады skifnews.kz.
Әңгіме барысында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы бүгінде қазақ басылымдары арасында өзекті проблемаға айналған газет жаздырту мәселесін көтерді. Бұл жайында бізге сол жиынға қатысқан журналистердің бірі айтып берді.
Бас редактордың пікірінше, мектептер мен жоғары оқу орындары және мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкері түгелдей дерлік «Егемен Қазақстан» газетіне жазылатын көрінеді. Ал, олардың барлығы да аталған басылымға өз еркімен жазыла ма, мәселе осында. Жұмабай Шаштайұлының министрге қойған сауалының мазмұны осыған саяды.
Иә, жасыратыны жоқ, көпшілік, әсіресе, мұғалімдер қауымы «Егемен Қазақстан» газетіне басшылардың мәжбүрлеп жаздыртатынын жиі айтып қалып жатады. Соның салдарынан «Қазақ әдебиеті» секілді рухани дүниелер жазатын бірқатар басылымдарға жазылатындар қатары азайған.
Оқырман жазылғысы келсе де бірнеше газеттің ақшасы қалтасына ауыр соғады. Сондықтан, оларға таңдау беріп, тиын санап отырған педагогтарды «мәжбүрлеуді» тоқтату керек.
Министр Дәурен Абаев болса аталған проблеманың бар екенін жоққа шығармады. Сол мәселені шешу үшін де газеттің басшылығын ауыстырдым дейді ол. Яғни, бұған дейін басқарма төрағасы қызметін атқарып келген Еркін Қыдырды орнынан алып, төрағалыққа Дархан Қыдырәліні тағайындағанын тілге тиек етті.
Жаңа басшыға басылымның имиджін көтеру міндеті де жүктеліп отырған көрінеді. Өйткені, жұрт «Егеменді» «аш та жап газет» деп атап кеткен. Яғни, оқылатын мақала жоқ, бетін ашудан жабуың тез деп әзілдейді.
Демек, Дархан Қыдырәлі бұдан былай «Егеменге» «күштеп» жаздыртуға тоқтау салады. Министрдің сөзінен түсінгеніміз осы. Жұрт аталған газетті өздері іздеп оқуы тиіс. Ол үшін басылымдағы мақалалар да соған лайық болуы керек. Ал, жаңа басшы контент сапасын арттыруға бар күшін салатынын бұған дейін айқан болатын.
Тағы оқыңыздар:
Ақтөбелік тұрғын кафеде ішіп отырған тамағынан тарақан тауып алды
Алматы жұртшылығын дүрліктірген адам тергеу изоляторына қамалды
Қазақстандықтар Алматыда қаза болған теракт құрбандарын аза тұтуда
Алматылық тұрғын қаза тапқан полицейлердің арасынан көршісін көріп, есеңгеріп қалған
Алматыдағы атыс кезінде қаза болған старшина ондаған адамды ажалдан арашалаған
Майкл Джексонның дәрігері оның педофил болғанын мәлімдеді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1194417-ministr-mughalimderdi-egemen-qazaqst/