Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі базар маңында 10 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Шымкент қаласының полицейлері 10 жастағы Тұрсынбек Ұлықбекке іздеу жариялайды, деп хабарлайды Baq.kz.

2016 жылдың 19 шілдесі күні, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не 38-жастағы жергілікті тұрғын, өзінің 2006 жылы туылған кәмелет жасқа толмаған ұлы Тұрсынбек Ұлықбек Алмасбекұлы 18 шілде күні сағат 15.00-дер шамасында «Бекжан» базарында анасынан әжетханаға барамын деп сұранып, содан қайта оралмай, із-түссіз кеткенін хабарлаған.

Аталған арыз Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Жедел уәкілдердің анықтағаны, жасөспірім осының алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалған.

10-жастағы Тұрсынбек Ұлықбектің белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі орта, шашы қысқа қара түсті.

Үстіне көк түсті майка, сұр түсті шорты, аяғына қоңыр түсті аяқкиім киген.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары із-түссіз кеткен Тұрсынбек Ұлықбекті анықтауға бағытталған барлық іс-шараларды атқаруда.

Оңтүстікқазақстандық полицейлер, облыс тұрғындарынан Тұрсынбек Ұлықбекті көрген-білгендер болса, 8771 883 30 13 нөміріне немесе «102» сымтетітігіне хабарласуын сұрайды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Ердоған: Егер 15 минут кешіккенде, мені өлтіріп кететін еді

Алматыда оқ жаудырған қаскөй судья мен прокурорларды өлтіруді көздеген

Өзбек шенеуніктері Шахзоданың әнін түкке тұрғысыз деп атады

Шымкенттің бас құрылысшысы 170 млн теңгені жымқырып кеткен

Атышулы 91 тобы тыңдармандарын өздері секілді киіндірмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1194855-shymkenttegi-bazar-manhynda-10-zhasar-bala/