Павлодар облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Опубликовано:

Павлодар облысының Ақтоғай ауданы аумағында ірі жол апаты болды. Апат салдарынан 6 адам, соның ішінде екі сәби қаза тапты, деп хабарлайды BNews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, тағы 6 адам жарақат алған.

Апат кеше түнгі сағат он жарымдар шамасында Ақтоғай ауданына қарасты Тортай ауылына жақын маңда, облыстық маңыздағы Павлодар-Русская поляна тас жолында орын алған.

Облыстық ТЖД шұғыл әрекет ету қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолда «Ауди» маркалы қос көлік соқтығысқан.

«Салдарынан 6 адам мерт болды: бірінші көлікте отырған жолаушылар – 35 жастағы әйел мен бір жасар сәби, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушылары – 35 және 26 жастағы әйелдер, бір жасар ұл бала. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметінен.

Құтқарушылардың ақпаратынша, 15 жастағы жасөспірім Ақтоғай орталық аудандық ауруханасында жан тапсырған. Болжам бойынша, зардап шеккендер – Моңғолия азаматтары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан кейін жедел жәрдем дәрігерлері жапа шеккен 39 жастағы ер адам мен 17 жастағы жеткіншекті Павлодар ауруханаларына жеткізген.

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазханаға айналдырып, ауылдастарына сыйға берді (фото)

Cаясаттанушы түзеу мекемелерін ҰҚК-нің құзырына беруді ұсынды

Жер комиссиясы екі жарым айда не тындырды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1202379-pavlodar-oblysyndaghy-zhanturshigerlik/