Ақмола облысында локомотивпен соқтығысқан жүргізуші көз жұмды

Опубликовано:

Ақмола облысында «Бурабай курорты» локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы «Лада Приора» көлігімен соқтығысып, бір адам опат болды.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолының» "Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Жол апаты 27 шілде күні сағат 03:34 шамасында Первоцелинный - Жаңаесіл аралық өткелінде орын алған. Теміржол бойын қиып өтпек болған «Лада Приора» көлігіне «Бурабай курорты» локомотив пайдалану депосының локомотив бригадасы келіп соғылған. Машинист тежегішті іске қосқанымен жақын келіп қалған локомотивті тоқтату мүмкін болмады. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп көрсетілген хабарламада.

Жалпы, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында «Қазақстан теміржолының» «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарының машинистері темір жол бойына шығып кеткен адамдар, көлік және жануарлармен соқтығысты болдырмау үшін осындай 1,6 мың рет жедел тоқтауға мәжбүр болған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде президентке хат ұстатып, үй сұраған оқушы қысымға ұшыраған (фото)

ОҚО-да Атамқұловтың өзі қосып кеткен газды әкім кеткен соң сөндіріп тастады (фото)

Қарағандыда келіншек босанғаннан кейін жарты тәулікке жетпей жан тапсырды

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазханаға айналдырып, ауылдастарына сыйға берді (фото)

Жағажайда бикинимен жүгірген Жәния Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1202966-aqmola-oblysynda-lokomotivpen-soqty/