Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта бензин ішіп қойған бір жасар баланың асқазаны күйіп кеткен

Опубликовано:

Қарағандыдағы Балқаш қаласында бір жасар бала бензин ішіп, уланып қалды. Іш құрылысы қатты күйіп қалған бала қазір қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайы ауыр екенін айтады  деп хабарлайды 31 арна.

Іш құрылысы күйіп қалған балаға жедел түрде медициналық көмек көрсету үшін Балқаш қаласына Қарағандының дәрігерлері келген. Бүлдіршін бір тәуліктен бері өкпені жасанды желдету аппаратының арқасында тыныс алып жатқан көрінеді.

Қазір оған қажетті ем-дом шаралары жасалынып жатыр. Дегенмен, өкпесі қатты зақымданған баланың жағдайы ауыр дейді. Бензин ішіп қойған балаға иіс те тиген екен.

"Балқаш қаласындағы орталық ауруханасына өте ауыр хәлде ұл бала келіп түсті, 2015 жылы туған. Қазір жағдайы өте ауыр. Өкпесі мен асқазаны зақымдалған", - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Тағы да оқыңыздар:

Атырауда өмірден түңілген жігіт елдің алдында өзін кескілеп тастады (видео)

Фируза Шарипова кәсіпқой бокстан алғаш рет жеңіске жетті

Танымал суретші әйел бала сүйіп, ана атанудан мәңгілікке бас тартты

Британиялық жігіт өзін белгісіз қыздың зорлап кеткенін айтты

Отандық велошабандоз көлікпен соқтығысып, Олимпиадаға бармайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1206124-balqashta-benzin-iship-qoyghan-bir-zhasar/

pixel