Семейде ер адам туған қыздарын төрт жыл бойы зорлап келген

Опубликовано:

ШҚО-да ер адам кішкентай қыздарын төрт жыл бойы зорлап келген. Азғын әкені сот 19 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы міндетін атқарушы Қуаныш Забеновтің айтуынша, өңірде кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі көбейген. Осы жылы Семейде кәмелетке толмаған екі қызын зорлап келген ер адамның ісі қаралды.

2011 жылдан 2015 жылға дейін он жасар қызын төрт жыл бойы зорлаған ер адам кіші қызын да он жасқа толғанында зорлауға кіріскен. Қыз бала көру қабілеті төмен болғандықтан, мектепке бармай, үйден оқиды. Оған мемлекеттен мүгедектерге арналған жәрдемақы төленеді. Алайда әкесі қызының жәрдемақысын соңғы тиынына дейін ішімдікке жұмсап отырған.

Төрт жыл бойы қыздар бұл жантүршігерлік жайтты ешкімге айта алмаған. Себебі, ер адам қыздарының анасын үйінен қуып шыққан. Әйел баспанасыз түрлі жұмыстар істеп, күнелтіп жүрген.

Әкесі кіші қызына тиісе бастағанда апалы-сіңлілер анасын іздеп тауып алады. Әйел полицейлерге хабар беріп, балаларын өз қамқорлығына алған. Ол бірден жұмыс тауып, қыздарын жалдамалы пәтерге алып кетеді. Ал әкесіне сот 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Үлкен қызының психикасына үлкен зақым келген. Ол тұйықталып, ашушаң әрі тілазар болып кетті. Жеткіншекті екі рет асылып қалмақ болған жерінен құтқарып үлгерген. Оның жан жарасы жазылуы үшін әлі ұзақ уақыт керек", - дейді Забенов.

Ал қыздардың анасы балаларына күйеуі мен оның туыстарынан қатты қорыққандықтан қайтып орала алмағанын алға тартты.

"Әйел күйеуінің туысқандары балаларын алып кетуіне мүмкіндік бермей қойғанын айтуда. Тіпті ресми түрде ажырасуға да мүмкіндік бермей, үйінен қуып шыққан екен", - дейді Забенов.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1209087-semeyde-tughan-akesinen-zorlyq-korgen/