ОҚО-да мектеп жұмысшылары тұрғындармен төбелесіп қалды

Опубликовано:

Жергілікті жұрт құрылысшылармен қырқысып қалды. Оқыс оқиға Шымкенттегі Забадам елдімекенінде болған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Осондағы №13 мектеп жұмысшылары тұрғынмен жұдырықтасыпты. Білім ұясына жөндеу жүргізіп жатқан құрылысшылар азық-түлік алу үшін сол төңіректегі дүкенге бас сұққан. Сауда орнында тұрғынның бірімен сөзге келіп, соңы текетіреске ұласқан. Ауылы бөлек азаматтарды жат санаған жергілікті пысықайлар топ болып теперіш көрсетіпті.

Қазір бұл оқиға барысын полицейлер анықтап жатыр. Текетіреске қатысқандар тегіс тергелу үстінде. Әзірге тұрмыстық бұзақылық бабы бойынша қылмысты іс қозғалыпты.

Күдікті ретінде бір азамат ұсталған. Ал мектепті жөндеуді мойнына алған мердігер бұл оқиғаны жасырмақ болған деп жазады Отырар арнасы.

Тағы оқыңыздар:

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Дзюдошы Жансай Смағұлов келесі кезеңге өте алмады

Теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда ұтылды

Назарбаев Ердоғанды бауырым деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты

Елдос Сметов финалда ресейлік балуаннан жеңілуінің себебін түсіндірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1213046-oqo-da-turghyndar-qurylysshylarmen-tob/