Астанадағы арнайы операция: Ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы ұсталды (фото, видео)
Опубликовано:
Бүгін Астанада Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді тұтқынға алған қарақшы қолға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
Тұтқынға алынған ломбард қызметкерлері дін аман. Қарақшыны ұстау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
М-Ломбардты тонамақ болып шабуыл жасаған адамға қатысты екі бап бойынша сот алдындағы тергеу басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қарақшылық» бабына «Кепілге алу» бабы қосылды. «Бүгінгі оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша: «Қарақшылық» - 192-бап және «Кепілге алу» - 261-бап соталды тергеу басталды», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
«Ломбардқа қарақшылық жасамақ болған адам ғимараттан шығарылды. Қазіргі кезде тиісті шаралардың аясында оны тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Қылышбекова.
Күдіктімен 2,5 сағат бойы келіссөздер жүргізілген, ол полицияға қарсылық көрсеткен жоқ. Жалпы ешкім де зардап шекпеді.
Оның сөзіне қарағанда, ломбардқа мүліктік зақым келген жоқ. Күдіктімен арадағы келіссөздер телефон арқылы жүргізілген көрінеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарақшы 2 тұтқынның біреуін босатқан еді. Құзырлы орган қызметкерлері онымен келіссөздер жүргізіп, екінші тұтқынды да босатып алды. Сондай-ақ, ломбардқа шабуыл жасаған қарақшы 1982 жылғы жігіт екені де анықталған.
Еске сала кетсек, Астанада қарулы қарақшы Кенесары-Янушкевич көшелерінің қиылысындағы ломбардқа шабуыл жасап, 2 қызметкерді кепілге алғаны хабарланған.
Тағы оқыңыздар:
Астанада қарулы қарақшы ломбардтың 2 қызметкерін кепілге алды (фото)
Рио-2016: 13 тамызда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті?
Рио-2016 күнделігі: Бүгін жеңіл атлет Ольга Рыпакова медальға таласады
Алматыда полицейлер көпшіліктің көзінше қарт адамды ұрып-соқты (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1219388-astanadaghy-arnayy-operaciya-lombardq/