Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда науқастың асқазанынан 40 пышақ шықты

Опубликовано:

Үндістанда дәрігерлер ер адамның асқазанынан 40 пышақ шығарып алды. Бұл ерекше операция Амритсар қаласында өткен деп хабарлайды 24.kz.

42 жастағы полицей Суржет Сингх іші аурып, тәбеті болмай дәрігерлерге қаралған. Алғашында мамандар бұл қатерлі ісік деп күдіктенген, алайда зерттеулер асқазанында темір бар екенін көрсетті.

Науқастың айтуынша, осыдан екі ай бұрын жол апатына түскеннен кейін, пышақ жұту әдеті пайда болған. Дәмі өте ұнап, бұл құмарлығына төтеп бере алмайтын. Асқазанынан бүкіл пышақтарды шығару үшін 5 дәрігер бес сағат бойы операция жасады.

"Ішіне камера енгізгеннен кейін, экранда бір темірлер көрінді. 20 жыл бойы істеп жүріп, осындайды көрмеппін. Науқас 28 пышақ жұтқанын айтқан, бірақ біз 40 пышақ шығардық. Бүкіл ағзасын мұқият тексердік. Операция сәтті өтті", - дейді дәрігер Житендра Малхотра.

Тағы оқыңыздар:

РИО-2016: Өзбекстан жалпы есепте Қазақстанның алдын орап кетті

Қазақстанның Олимпиада жүлдегерлері 2 млн доллардан астам қаражат алады

Айсұлтан Назарбаев өзінің игі ісінен пиар іздеп әлек болмауды сұрады

Астаналық бойжеткен шахматтан әлем чемпионы атанды

Әлі тұрмыс құрмаған Луинаға тыңдармандары "отырып қалғанын айтты"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1227860-undistanda-nauqastynh-asqazanynan-40-py/