Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда зорланған алты жасар қыз ауыр халде жатыр

Опубликовано:

Ақтауда зорланған алты жасар бала облыстық емхананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл туралы «Ладаға» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қыз бала жансақтау бөлімінде жатқанын бас дәрігер Кәмшат Тұрсынбекова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүлдіршінге ыстық өткен және аяусыз зорлыққа ұшыраған.

«Бүгінде қыз баланың жағдайы бірқалыпты ауыр. Ол жансақтау бөлімінде. Ауыр халде көптеген жарақаттармен келіп түсті.  Барлық қажетті сараптамаларды жасадық. Бүлдіршін аяусыз зорланған», - дейді Кәмшат Тұрсынбекова.

Бас дәрігердің айтуынша, қыз балаға барлық көмек көрсетілуде.

«Балақай әлі есін жинаған жоқ. Оның есін әлі жинамағаны дұрыс. Бұл миын сақтап қалу үшін керек. Себебі ол зорлыққа душар болды және ұзақ уақыт күннің астында қалды. Өзге де жарақаттары баршылық. Барлық қажетті медициналық көмекті бала қабылдап жатыр», - дейді Тұрсынбекова.

Еске салсақ, қыз бала 20 тамыз күні күндізгі уақытта жоғалып кетіп, оны бәрі жанұшыра іздеген болатын. 17:30-да балақайды зорланған күйде тапқан.

Маңғыстау облысының ІІД-і Қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар:

Куәгер: Есікте топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін (видео)

Еліміздің тоқалдары қалталы қарттарды қалай пайдаланатынын айтып берді

Қыдырәлі Болманов өзін «Сәуле Әбединованың бірінші жары» деп жүргендерге жауап берді

Мүсінмен сүйіcу үшін оның басына шығып алған жігіт жұрттың ашуына тиді (фото)

Науқасты тепкен дәрігер әлеуметтік желіде көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1228039-aqtauda-zorlanghan-alty-zhasar-qyz-bala/