Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кішкентай қыздарға тиіскен педофил қолға түсті (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы Тастақ-1 ықшам ауданында жергілікті тұрғындар педофилді өз қолдарымен ұстап полицияға тапсырды. Ер адам аулада ойнап жүрген қыз баланы құшақтап алып кете берген сәтте ұсталған деп хабарлайды stan.kz.

"Ол сол жерде жүріп, балаларға жыныс мүшесін көрсетті. Сосын кішкентай қызды алып кетпекші болды. Оны көрші тұрғын көріп қойған еді. Қыз үлгеріп қашып шығып, подъездге кіріп кетті", – деп жазды Facebook парақшасында Юлия Шаповалова.

Сол маңда ойнап жүрген басқа баланың да әкесі бұл жағдайға куәгер болған.

"Ол кісі әлгі ер адамды ұстап алды. Біз полиция шақырып күтіп тұрдық. Күдіктіні алып кетті. Ол маған есі сау адам емес болып көрінді", – дейді Шаповалова.

Сол арада Алматыда балаларға жармасып, мазасын алған бұзақы психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын ҚазАқпарат хабарлады. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінен мәлімдеген.

"Ол ұсталды. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және Каблуков көшесі бойындағы психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Біздің білуімізше, оқиға орнында сексуалды сипаттағы әрекеттер болмаған. Бірақ, тексеру барысында басқа да деректер анықталуы мүмкін. Қазір одан жауап алынып жатқан жоқ. Емделіп шыққан соң ғана одан жауап алуға болады. Сондықтан, әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз", - деді депертаменттен.

"Бұл оқиға "Тастақ-1" шағынауданында болды. Бұл жерде бірнеше ғана тұрғын үй бар. Мен балконға шығып қарасам, бір ер адам екінші ер адамды қуып бара жатыр екен. Артынша төбелес басталды. Содан ұлым екеуміз сыртқа жүгіріп шықтық. Тұрғындар оны ұстап алып, жерге жатқызып қойыпты. "Не болды?" деп сұрап едім, сөйтсем ол балаларға тиісіпті. Жыныс мүшесін көрсеткенге ұқсайды. Кіре берісте бір кішкентай қызды өзіне тартыпты. Мұны көріп қалған көрші әйел айқайлай бастаған. Басқа көрші адам үйден жүгіріп шығып, оны қуып жүріп ұстап алған", - деді куәгер Юлия Шаповалова.

Бұдан кейін, оны шұғыл жеткен полиция қызметкерлері алып кеткен.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін арба таратылды (фото)

Даниядағы «Әйелдер мешітінде» нәзік жандылар имам болды

Алматыда қаруланған ер адам көпшілікке оқ жаудырды (фото, видео)

Қамауға алынған Лилия Рах қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ресми Ташкент: Ислам Кәрімов толық медициналық тексерістен өтуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1237534-almatyda-kishkentay-qyzdargha-tiisken/

pixel