Алматыда тауға шыққан саяхатшы ізім-ғайым жоғалып кетті
Опубликовано:
Алматыда тауға саяхаттап барған турист ізім-ғайым жоғалып кетті. Александр Назарукті құтқарушылар төртінші қыркүйектен бері таба алар емес деп хабарлайды КТК арнасы.
Хабар-ошарсыз кеткен саяхатшы тауға екі досымен барған. Алайда, Үлкен Алматы шыңына шыққандардың қайтар тұста жолдары бөлініпті. Яғни, Александр Назарук жолды қысқартпақ болып, басқа бағытпен кеткен. Сөйтіп, туристер уағдаласқан жерде кездеспек болады. Алайда, барған жолымен қайтқан екеу аман-есен оралғанымен, Александрдан сол күйі хабар жоқ.
Осылайша, тау қызықтауға барамын деп досынан көз жазып қалғандар бірден құтқарушыларға хабарласқан. Жедел-құтқару жасағы саяхатшыны түннен бері Үлкен Алматы шыңының жан-жағынан іздеп жатыр. Әсіресе, Александр жерге түспек болған бағыт жіті тексерілуде. Алайда, әзірге еш нәтиже болмай тұр.
"Жоғалған саяхатшы туралы ақпарат төртінші қыркүйек күні түнгі онда түсті. Оқиға орнына бірден құтқарушылар жіберілді. Алайда, әзірге оны таба алар емеспіз. Саяхатшыдан ешқандай із де, белгі де жоқ. Іздеу шараларына тікұшақты қосу үшін тұман кедергі болып тұр. Сондықтан, құтқарушылар жұмысқа жаяулатып кіріскен", - дейді ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Юрий Буржинский.
Тағы да оқыңыздар:
11 бала асырап алған ақтөбелік отбасы кішкентай қызды 50 жастағы ер адамнан құтқарып қалған
БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)
Алматы облысында өміріне қауіп төніп тұрған бүлдіршінге шұғыл көмек керек
Қарағандыда көлік ішінде тірідей өртенген 4 жасар баланы әкесі жанұшырып құтқармақ болды
Қапшағай қаласының әкімі желіде тарап кеткен даулы видеоға қатысты пікір білдірді (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1242384-almatyda-taugha-shyqqan-sayakhatshy-izim-gh/