Ақмола облысында белгілі бизнесменді атып кетті
Опубликовано:
Ақмола облысында полиция ЖШС директорының өліміне қатысты қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні Есіл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ЖШС аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, серіктестік директоры екенін анықтады.
Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар құрылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Знамен ауылдық округінің әкімдігі BNews.kz-ке қазірге таңда бизнесмен Сәруар Болдановтың жерлеуі өтіп жатқанын хабарлады.
Ол «Тней Агро» қожалығының басшысы болған. Бұл қожалықтың иелігінде егістік пен жайылымдарды қоса есептегенде 12 мың гектар жер бар. Қожалық жылқы, қой және ірі қара секілді мал өсірумен айналысады. Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы да жолға қойылған.
Бизнесмен қайырымдылықпен айналысқан. Мәселен, ауыл тұрғындарына клуб салып беріп, тегін түрде ауданның пайдалануына берген. Оған қоса, ол құны 13 млн теңге болатын спортзалды да қайта жаңғыртқан. Есіл аудандық балабақшаға қаржылай көмек көрсетіп отырған.
Сәруар Болдановтың екі ұлы да Англияда экономика мамандығы бойынша білім алуда. Бір сұхбатында кәсіпкер кіші ұлының Кембридждегі оқуын яқтаған соң елге келіп, ауылда жастар орталығын ашуды армандайтынын айтқан болатын.
«Тней Агро» Знамен ауылдық округіне «Есілман», «Мәншік и К» ЖӘНЕ «Стимул» секілді қожалықтармен бірлесе қамқорлық жасайтынын айта кету керек.
Тағы оқыңыздар:
Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді
Бақытбек Есентаевқа қандай айып тағылғаны жария етілді
Ресей Кейкі батырдың басын алдағы 2 аптада қайтаратын болды
Бір түнге 50 доллар: АҚШ-та киіз үйлер жоғары сұранысқа ие (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1242872-aqmola-oblysynda-belgili-biznesmend/