Шымкентте абақты қызметкері үш жасар қызды 60-тағы педофилден құтқарып қалды

Опубликовано:

Шымкентте абақты қызметкері 3 жасар қызды зорлықтан құтқарып қалды. Аға сержанттың ерлігі жайлы әріптестері айтағанда бұл туралы ешкім де білмей қалар еді деп жазады Отырар арнасы.

Шымкенттегі 167/4 түзету мекемесінің бақылаушы қызметкері Елдос Жанзақов сол күні үйінде еді. Пәтерінің терезесінен сыртқа қарағанда үш жасар қызға тиісіп жатқан адамды көреді. Бұл оқиға тамыз айының басында Күншығыс шағынауданында болды дейді аға сержант.

Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкері 3 жасар қызды зорлықтан құтқарып қалды

29 жастағы жігіт дереу көмекке ұмтылады. Ол қызды арашалап алғанда күдікті қашып кетеді. Бірақ, алысқа ұзай алған жоқ — 60 жастағы кісіні Елдос көп ұзамай ұстап алды. Сөйтіп, полицейлерге хабар береді. Тергеушілер күдіктінің үстінен қылмысты кодекстің 124-бабының 1-бөлігіне сай іс қозғады.

Сол күні жұмысына барған Елдос бұл туралы ешкімге айтпайды. Тек, арада бір айдай уақыт өткен соң ғана әріптестері аға сержанттың ерлігі жайлы полиция қызметкерлеріне бір-ақ білген. Елдос Жанзақовқа көрсеткен ерлігі үшін грамота табысталды. Сондай-ақ, Шымкент қалалық әділет басқармасы Елдосқа тәуелсіздіктің 25 жылдығы медалін беруді ұсынып, хат жазады.

Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкері 3 жасар қызды зорлықтан құтқарып қалды

«Елдос — өте қарапайы жігіт. Бізде 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Түзеу мекемесінің айналасын күзетеді. Жолдастары оны тек жақсы жағынан сипаттайды. Бұл туралы өзі айтпады, тек полициядан білдік», - дейді 167/4 еңбекпен түзеу мекемесінің бастығы, подполковник Айдар Нұрсейітов.

Ал Елдостың өзі бұл әрекетін ерлік деп санамайтынын айтады. Тек қарапайым азаматтық борышымды өтедім дейді.

"Ол қыз жас бала ғой, қалайша мен қарап тұрамын? Өзімнің екі қызым бар. Қазір бүлдіршіннің тағдыры бүлінбегеніне қатты қуанамын", - дейді Елдос.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақ қыздары пәтері мен көлігі бар жігіттерді іздеп жүр (фото)

Сәуле Әбединова: Тепкінің астында өмір сүретін әйелдер - бейшаралар

Шымкенттің парақор шенеуніктері кімдер? (фото)

Қазақстандық әйелдің киімі голливуд жұлдызы Деми Мурды тәнті етті

Путин Су-24 атып түсірілгелі бері алғаш рет Түркияға барды

ОҚО-да көпбалалы отбасы далада қаңғып қалды

Ресейлік азаматтан пара сұраған атыраулық жол сақшылары масқара болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1279730-shymkentte-abaqty-qyzmetkeri-ush-zhasar/