Пластикалық ота жасатамын деп көз жұмған қыз-келіншектер
Жарияланған күні:
Бүгінде арулар пластикалық хирургтерге жиі жүгінеді. Расында, бүгінгі таңда медицинаның барлық нәрсеге күші жетеді, бірақ, ең оңай деген пластикалық отадан о дүниеге аттанып кетіп жатқандар бар.
NUR.KZ порталы пластикалық хирургияның құрбаны болған 10 адам туралы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл арулар бет-жүзін әдемілейміз деп өмірімен қош айтысқандар.
Юля, 18 жаста, ринопластика
Львов тұрғыны Юля өз мұрнының пішінін ұнатпай, ринопластика жасатуға бел буады. Ол көп ойланып, сол қаладағы косметологиялық ауруханадағы ең мықты деген дәрігерге жүгінеді.
Өкінішке орай Юля дәрігерлік қателіктің құрбаны болды. Ота сәтті өткенімен, наркоздан кейін оның жүрегі тоқтап қалған. Сөйтсе, Юляның өкпесіне түскен қан тыныс жолдарын жауып қалған.
Юлия Кубарева, 25 жас, ринопластика
Бала кезінде Юлияның мұрынына заықм келген, сондықтан ол мұрнының кемшіліктерін жөндеу үшін ринопластика жасатпақ болады.
Ота сәтті өтсе де, Юлия наркоздан кейін есін жия алмаған. Ол отадан соң 4 апта комада жатып қайтыс болды. Тергеу қызметі өкпені жасанды желдететін аппараттың істен шығуынан оттегі жетіспей қалғанын анықтады. Бұл өз кезегінде мидың жұмысын тоқтатқан.
Лейла Мурсалова, 19 жаста, ринопластика
Әзірбайжандық Лейла Мурсалова жүрек әлсіздігімен туған. 19 жасында тыныс алуға кедергі келтірген мұрын қалқанын түзету мақсатында ринопластикаға барады.
Дәрігерлер өз жұмысына бейқам қараған, өйткені жүрек жетіспеушілігімен туған қызды хирургиялық ота жасату туралы райынан қайтаруға да тырыспаған. Нәтижесінде Лейла ота басталмай жатып қайтыс болды. Көп мөлшердегі анастетиктердің дозасын әлсіз жүрек көтере алмаған.
Ксения Михайлюта, 25 жаста, сүт безін үлкейту
Запорожье қаласының тұрғыны Ксенияның өз төсіне көңілі толмай жүретін. Ал ота жасатуға жігіті тастап кеткен соң бел шешті.
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, ота өте жеңіл өткен, алайда наркоз енгізуге арналған түтікшелерді орналастыру кезінде пациенттің ірі қан тамырын кесіп кеткен. Ксения ішіне қан кетіп қайтыс болды.
Катерина Кандо, 19 жаста, липосакция
Катерина 2014 жылы эквадорлық арулар байқауының жеңімпазы атанған. Көптеген сыйлықтардың ішінде оған пластикалық хирургия клиникасында медициналық қызмет көрсетуге сертификат берілген.
Басында бұл ару сертификатты басқа біреуге сыйлай саламын деп ойлаған, бірақ байқау ұйымдастырушылары, клиника қызметкерлері оны райынан қайтарып, липосакция жасауға көндірген. Нәтижесінде бойжеткен мидың ісініп кетуінен ота үстінде көз жұмды.
Памела Нисменто, 27 жаста, липосакция
Белгілі бразилиялық модель бір емес бірнеше рет пластикалық хирургтердің көмегіне жүгінген, кезекті рет ота жасатуға еш қорықпастан барған еді. Сол жылы ол Сан-Паулудағы ең мықты клиникалардың бірінде тері астына жиналған майын сылып тастау үшін пышаққа түседі.
Ота кезінде бойжеткеннің қан айналым жүйесі әлсіреп, гиповолемикалық шок алды. Алайда баспасөзде оның бүйрегін тесіп жіберді деген нұсқа көп айтылды.
Анастасия Чачина, липосакция
Ана атанған мәскеулік Анастасия Чачина өзінің мүсінін тез арада қалпына келтіргісі келді. Липосакция ем-шарасы екі этаптан тұрды. Бірінші этапта бәрі ойдағыдай өтті. Ал екіншісінде анестетиктердің дозасы мөлшерден көп болғандықтан ол көз жұмды.
Ольга Емельянова, 31 жаста, блефаропластика
Пермь қаласының тұрғыны өз тойына аз уақыт қалғанда қабағына ота жасатпақ болады. Ол тойда ең әдемі қалыңдық болғысы келді. Алайда жасалған ота оның өмірін қиды. Лидокаинге аллергиясы бар бойжеткен ота басталмай жатып қайтыс болды.
Ольга Егорова, 35 жаста
Мәскеулік Ольга Егорова желкесіндегі артық майды алдырту үшін пышаққа түспек болады. Бірақ дәрігерлер оның лидокаинге аллергиясы барын ескермеген. Нәтижесінде Ольга көз жұмады.
Екатерина Клементьева, 25 жаста, сүт безін үлкейту
Екатерина күйеуіне тосын сый жасамақ болып, құпия түрде ота үстеліне жатады. Алайда келіншек лидокаинің екінші дозасын көтере алмай, аллергиясы өршіп, қайтыс болды.
Тағы оқыңыздар:
Бауырлардың бір-біріне деген махаббатын көріп, желі қолданушылары жылап қалды
70 жастағы әже бірінші сыныптың оқушысы атанды
Қайрат Нұртастың концертіне Түркістан халқы тегіс жиналды (видео)
Қостанайда 56 жастағы әйел 4-ші қабаттан секіріп мерт болды
Мексикалықтар "Өлілер күнін" дүркіретіп атап өтті (фото)
Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ананың шенділерге өкпесі қара қазандай
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1301965-plastikalyq-ota-zhasatamyn-dep-koz-zhum/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.